Ирандағы
Абай орталығында Наурыз мерекесі
атап өтілді 22 наурыз күні Қазақстан Республикасының Горган қаласындағы (Иран) Бас консулдығы ғимаратындағы Абай орталығында жергілікті қазақ диаспорасының белсенділері, Қазақстан мен қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті, тарихын зерттеушілер және ирандық қазақ өнерпаздарының қатысуымен Наурыз мейрамына арналған мерекелік жиын өткізілді. Мерекелік отырыста сөз алған Бас консул Айтжан Айдашев жиналғандарды Наурыз мекесімен құттықтап, ғасырлар тереңдігінен бастау алған, бүгінде үлкен ауқымды рухани ұлттық мерекеге айналған Наурыздың биылғы жылы Қазақстанның тәуелсіз дамуының 30 жылдығында өтіп отырғанына ерекше тоқталды. Сонымен қатар, шығып сөйлеген белгілі аудармашы Қажымұхамет Шатқам, тарих ғылымдарының докторлары Оразмұхамет Сарли мен Бибихамиде Мұхаметниязи, әдебиетші Дұрды Карими, қазақ өнер тобының жетекшісі Махса Бикдер және басқалары Наурыздың шығыс елдері үшін бірліктің, татулықтың, еңбектің, ізгіліктің, бақыттың мерекесі ретінде тойланатынын, тарихи, мәдениеті және тілі ортақ түркілер мен парсылар арасында жоғары бағаланатынын, оны жыл сайын тойлап отыруды салт-дәстүрге айландырғанын атап өтісті. Салтанатты жиналыс барысында өткен жылы Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени қатынастарды дамытуға үлес қосқан, Әл Фараби мен Абай мерейтойларын атап өтуде еңбек сіңірген тұлғаларға ҚР Мәдениет және спорт министрі, Қазақстанның Ирандағы Елшісі және Горган қал بازدید «نظربایف» از مجتمع «آستانه آکسپو -2017»+تصاویر...
ادامه مطلبما را در سایت بازدید «نظربایف» از مجتمع «آستانه آکسپو -2017»+تصاویر دنبال می کنید
برچسب : نویسنده : kazak بازدید : 128 تاريخ : پنجشنبه 2 تير 1401 ساعت: 12:37